Мектеп директорының 25 мамыр-Соңғы қоңырау жиынына баяндама
Құрметті ұстаздар!Қымбатты оқушылар, ата-аналар және қонақтар!
Бүгінгі жарқын да қуанышты мереке,мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Бүгінгі күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн!
2023-2024 оқу жылы білім саласындағы өзгерістермен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің Біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленіп, мектепте тәрбие саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» кабинеті ашылып, ай сайын ата-аналарға арналған сабақтар ұйымдастырылды. «Даналық мектебі» құрылып, көптеген іс-шаралар өткізілді. Балалар қауіпсіздігі мен денсаулығына көптеп көңіл бөлінді.
Биылғы оқу жылын 574 оқушымен бастап, жыл соңында 575 оқушымен аяқтап отырмыз. Ағымдағы жыл мектебіміз үшін табысты жыл болды деп есептейміз. Атап айтсақ,мұғалімдерімізбен оқушыларымызәр түрлі кәсіби байқаулар, мен шығармашылық байқауларға қатысып,түрлі спорттық жарыстардан түрлі дәрежедегі орындар мен дипломдар иеленді. Мектепте 74 мұғалім қызмет атқарды. Республикалық баспа беттерінде 59 ұстаздыңмақалалары мен сабақ жоспарлары жарық көрді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіндеЖондикова Райхан Өмірбайқызының шәкірті 10 сынып оқушысы-Ғабдымажит Анел 2 дәрежелі диплом иемденсе,аталаған ғылыми жобада Шүкіроғлы Жемал мен Боянова Светлана Анатольевнаның шәкірттері 3 орындармен марапатталды. Аудандық «Бауыржан оқулары», «Абай оқулары», «Ілияс Жансүгіров оқулары», «Мәшһүр-Жүсіп оқуларында» оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Спорттық жарыстарды айтатын болсақ.
Халықаралық дәрежеде: Дзю-до күресінен – 5 оқушы: Ахметқали Бекзат, Махмут Алинұр, Жұмағұл Дарын, Бақыт Дастан мен Хашымбай Ескендір жүлделі орындарды иемденсе,
Республикалық деңгейде: 15 оқушы жеңімпаз атанды.
Облыстық деңгейде:113 оқушы спорттық жарыс жеңімпазы атанса, 4 оқушы облыстық пәндер олимпиадасының жүлдегері болды.
Аудандық дегейде:146 оқушы спорттық жарыстардан орын алып, 20 оқушы аудандық пән олимпиадалары мен сайыстардың жеңімпаздары атанды.
Биылғы оқу жылында мектебіміздің 35 түлегі Ұлттық Бірыңғай Тестілуеге барады. Оның ішінде 6 оқушы шығармашылық пәндер бойынша тапсырады.9 сыныптар бойынша- 1 оқушы , 11 сыныптар бойынша-2 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр
асқар таудың биігінен көрініңіздер!
Құрметті, жас түлектер, бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, өмір деп аталатын алып күре жолда сүрінбеулеріңізге тілектеспін! Тағдырларыңыз жұлдызды болып, арман деген асқар таудың биігінен көріңіздер!Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл – күй, жаңа жетістіктерге ұдайы ізденіс пен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!