25
май
2022
25 мамыр соңғы қоңырау
"ТҮЛЕК 2022-ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ"
атты салтанатты іс-шара 25 мамыр күні сағат 10.00 де өткізілді. Жамбыл ауданы Абай атындағы орта мектебі. Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі-бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларына, ал, мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызды күтеміз. Салтанатты жиынның қадірлі қонағы ретінде ауданның мәслихат депутаты Ахметчаев Дәурен Хайруллаұлы, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Маржан Байгелді, ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Әбдікәрім Сыдықұлы қатысты. Түрлі әндер айтылып, мектеп вальсін бітіруші түлектер әсем әуенге биледі. Мектептің үлгілі озат оқушылары марапатталып, түрлі қоғамдық іс -шараларға араласқан білім алушыларға алғыс білдіріліп, әлемге танылған оқушыларымыз халықаралық,облыстық, республикалық жеңімпаздары және оқушылары мен ата-аналарына алғыс хат табысталып марапатталды.
https://www.instagram.com/tv/CeC7rWJI75v/?utm_source=ig_web_copy_link