25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын
14
июнь
2019

25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын

«Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиын оқушыларды сапқа тұрғызып, 11 сынып түлектерін ортаға шақырудан басталды.Одан кейін халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары биылғы Жастар жылына қосқан үлесі деп танылып, медальдарын тағып салтанатты шеру жасалды. Алғашқы әскери дайындық жетекшісі жиналған қонақтар мен оқушылар назарларын Мемлекеттік Туға аудартып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Келесі кезекте келген қонақтар мен мектеп директоры-Қ.Сисенғалиевке сөз берілді. Мектеп директоры өз сөзін 2018-2019 оқу жылындағы мектеп мұғалімдері мен оқушылардың жеткен жетістіктері туралы айтып, марапаттады.
Содан кейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары-Г.Қарақұлова 2018-2019 оқу жылының аяқталуы туралы мектеп директорының бұйрығын оқып, үздік бітірген оқушыларды марапаттады.
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы-Б. Бижигитовке сөз берілді. Өз сөзінде мектеп оқушылары мен мұғалімдерін бүгінгі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бесағаш ауылдық округінің әкімінің орынбасары-А.Абдумуталиев мектеп оқушыларының халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздарын құттықтады.
Сонымен қатар, 11 сыныптың оқушыларының дайындаған әдеби-монтажына кезек берілді.
Жиын соңында «Соңғы қоңырауды» ұру мәртебесі-11 сыныптың «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер оқушысы-Мұхаметқали Құралай мен қазақ күресінен Республикалық жарыстардың жеңімпазы- Жармұханбет Асланға табысталды.
25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын
25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын
25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын
25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын
25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын