"Сыңғырла,алғашқы қоңырау" » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Сыңғырла,алғашқы қоңырау"
13
сентябрь
2018

"Сыңғырла,алғашқы қоңырау"

2018-2019 оқу жылы 1 қыркүйек –Білім күніне арналған
«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі» тақырыбында өткен салтанатты жиынның сценарийі.
Мақсаты:Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру,еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
І-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар және оқушылар!
ІІ -жүргізуші:Әлемдік өркениетке ұмтылудың өзегі білім, ғылым екенін ұғына біліп, қуаты күшті Ата Заңымыздың аясында нық сеніммен болашаққа қадам басқан жас өрендер, ата – аналар, және ұстаздар! Алғашқы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

І жүргізуші:
Қымбатты оқушылар, ұстаздар, ата-аналар біздер елімізбен мақтанамыз.Біз елімізді мақтан тұтамыз. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтті. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің арасында бірінші болып өткіздік деген Елбасы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында атап өткен болатын. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.

ІІ жүргізуші: Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтылғандай, шәкірттеріміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Осы мәселе бойынша 12 жылдық білім беру үлгісі енгізілді. «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. «Көп ұлттылық пен көптілділік құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады» деп атап көрсетті.
І жүргізуші: Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік, тыныштық. Келешегі – білімді ұрпақ. Ендеше, бүгінгі «Білім еліне» саяхатқа шыққан, мектеп табалдырығын алғашқы рет аттағалы отырған 1-сынып оқушыларын және ұстаздарын шақырайық.
І І жүргізуші
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Жас досым саған мың сәлем! білімге құштар балаларға қошемет көрсетейік. Қадамдарың сәтті болсын!
І-жүргізуші:Алдарыңызда, 1 «а» сыныбы, сынып жетекшісі Қырықбаева Күлайым, сыныбында 20 оқушы бар.Олар:
1.Ахметсалы Ермек
2Мұратқызы Әсел
3 Жұматай Айым
4 Нұрбай Нұрай
5 Тоқтасын Қымбат
6 Сайфулмалик Шұғыла
7 Сатыбалдиева Малика
8 Шәріп Аружан
9 Сұлтан Алуа
10 Хабибулла Айлана
11 Әлімби Әнел
12 Махмұт Рустам
13 Жұмабек Жарқын
14 Хабибұлла Әлимұрат
15Камалитден Мейірхан
16 Махмұтов Нұрали
17 Марлен Санжар
18 Сағади Бақыт
19 Самиғұллаұлы Санжар
20 Хабиболла Шыңғыс
І І жүргізуші: Келесі кезекте 1 «б» сыныбы, сынып жетекшісі Жұмадилова Салима, сыныбында 20 оқушы.
Амангелді Елнұр
Жұмағұл Дарын
Сабыржан Мейірім
Сабыржан Сымбат
Бауыржан Жания
Бауыржан Дария
Қамбар Сымбат
Темоева Гүлнара
Жетпісбаева Айнура
Нуриев Азамат
Ахан Үміт
Сапарбек Рүстем
Забихолла Ерсұлтан
Хасенов Аян
Рысбек Салман
Бахтиярұлы Ерасыл
Абитхан Бағлан
Таменбай Ниет
Янош Іңкәр
Янош Інжу
І-жүргізуші: 1 «в» сыныбы, сынып жетекшісі Сүлейменова Айша, сыныбында 20 оқушы бар
Асланбек Айбек
Али Аружан
Ахметжан Алихан
Ахметова Кәусар
Жексен Арсен
Бейсенбек Назерке
Дүнбаева Диара
Жарар Ақбаян
Жұматай Азамат
Керімжан Алуа
Құрбанғали Айару
Құрбанғали Нұржасар
Оңласынқызы Аяулым
Сейфулла Әмірбай
Сейдалы Дулат
Серікбай Мөлдір
Таукебаева Гүлдана
Хабибулла Әлинұр
Шаймерден Айзада
Чулиев Ахмет
Сапаш Ерасыл
(музыкамен оқушылар орындарына барып тұрады)
І І жүргізуші: Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап, саптүзеңдер! (Мемлекеттік Гимн орындалады)
І-жүргізуші:Жаңа 2018-2019 оқу жылына арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі» тақырыбындағы, «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!
І І-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар:
1. Бесағаш ауылдық округінің әкімі – Нигматуллаев Бейбіт Сұңғатұлы
2. Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы-Келесов Еркін Егембердіұлы
3.Жамбыл ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшесі,ардагер ұстаз,Абай атындағы орта мектебіндегі «Камқоршылық кеңесінің» президенті-Бөрібеков Жетібай Төсбайұлы
І-жүргізуші: Жаңа оқу жылымен құттықтау үшін сөз- мектеп директоры- Сисенғалиев Қайыржан Самиғұллаұлына беріледі.
І І-жүргізуші:
Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді. (Қонақтарға сөз беріледі)
Келесі құттықтау сөз:
1. Бесағаш ауылдық округінің әкімі – Нигматуллаев Бейбіт Сұңғатұлына
2. Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы-Келесов Еркін Егембердіұлына беріледі
3.Жамбыл ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшесі,ардагер ұстаз,Абай атындағы орта мектебінің «Камқоршылық кеңесінің» президенті-Бөрібеков Жетібай Төсбайұлына беріледі

І-жүргізуші: Жаңа оқу жылының ерекшеліктерін таныстыру үшін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Қарақұлова Гүлнар Серікбайқызына беріледі.

ІІ –жүргізуші Елбасы өз сөзінде: «Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз. Біздің Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің негізі, міне, осы» деген болатын.
І -жүргізуші:Олай болса,биылғы оқу жылына қабылданған мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік білімпаздардың, патриот жас ұландарымыз сіздерге сәлем жолдайды.
ІІ-жүргізуші «Мектебім» әні орындайтын- 1 «А» сынып оқушысы- Мұратқызы Әсел


ІІ-жүргізуші:Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Екі оқушы жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын.

І-жүргізуші: 2018-2019 жаңа оқу жылының Алғашқы қоңырауын соғу рәсімі 1 сыныптың бүлдіршіндері-Тоқтасын Қымбат,Сабыржан Мейірім,Хабибулла Әлинұр мен Марлен Санжарға ұсынылады.
ІІ-жүргізуші
Ұмытпаймын алғашқы қоңырау үнін,
Ұмытылмас елім үшін күн бүгін.
Мектептегі алғаш берер білімге,
Соғайықшы алғашқы қоңырау сыңғырын.
І-жүргізуші:
Аман болып, ел баласы болайық,
Әрқашанда елге қызмет қылайық.
Еліміздің намысын қолдан бермей,
Отан қорғап, аяққа нық тұрайық! (қоңырау соғылады)

І-жүргізуші: Қымбатты оқушылар, аяулы ұстаздар мен құрметті ата-аналар, Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2018-2019 оқу жылының алғашқы сынып сағатымен жалғасады. Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!

ІІ-жүргізуші: Мектеп оқушылары үшін алғашқы білім күніне арналған «Рухани жаңғыру-барлық жаңғырудың өзегі» атты сынып сағаттарына шақырамыз.
Жаңа оқу жылы жемісті, мерейі үстем жыл болсын! Шәкірттеріңіз кірісті, елім дер ұл мен қыз болсын!

"Сыңғырла,алғашқы қоңырау"
"Сыңғырла,алғашқы қоңырау"
"Сыңғырла,алғашқы қоңырау"
"Сыңғырла,алғашқы қоңырау"
"Сыңғырла,алғашқы қоңырау"
"Сыңғырла,алғашқы қоңырау"

Похожие публикации:

27 сентябрь 2017 Мектептің тарихы
15 сентябрь 2017 1 қыркүйек