01
ноябрь
2023
Мектебімізде «Жалын» өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті
Мектебімізде «Жалын» өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, 10 “А” сынып оқушысы – Хасым Аяна үміткерлер арасында ең көп дауыс жинаған. Салтанатты жиын барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ж.Шамеева сөз сөйледі. Өз кезегінде оқушыларға өткен оқу жылында атқарған үлкен жұмыстары үшін ризашылығын білдіре отырып, мектеп өмірін жаңа ұйым мүшелеріне сеніп тапсырды.
Өз лауазымына кіріспес алдында Хасым Аяна мектеп алдында ант беріп, өзіне жүктелген үмітті ақтайтынын айтты. Сонымен қатар, мектептегі «Жалын» өзін-өзі басқару ұйымының жаңа министрлері өздерінің алға қойған мақсаттарын айтып өтті.