08
апрель
2019
«Наурыз-бірлік пен ізгіліктің мерекесі»
2019 жылдың наурыз айында Абай атындағы орта мектебінде «Наурыз-бірлік пен ізгіліктің мерекесі» атты тақырыпта Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар атқарылды.
Атап айтар болсақ, 14-16 наурыз күндері «Наурызым- жаңа күнім» атты ұранмен мектебімізді биыл бітіретін түлектерідің, яғни 11-сынып оқушыларының және «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің көмегімен мектеп ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.
19-наурыз күні 1-10 сыныптар арасында «Армысың, әз Наурыз» тақырыбында бірыңғай ашық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушыларға салт-дәстүрлерді, ұлттық ойындарды, төл мерекемізді дәріптейтін көптеген мәліметтер берілді.Сонымен қатар, "Наурыз нақыштары" тақырыбында қолөнер көрмесі мен "Наурыз нұрлы жыл басы" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
20-наурыз күні «Қош келдің, Наурыз!» атты тақырыпта мектеп оқушыларының арасында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар марапатталды.
22-наурыз күні мектеп ауласында «Әз Наурыз мейрамы» тақырыбында мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерт қойылды, осы іс-шарада «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері безендіру жұмыстарына көмектесті. Концертте ұлттық салт-дәстүрден көріністер қойылды.