Түлектермен кездесу » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түлектермен кездесу
13
октябрь
2021

Түлектермен кездесу

Мектебімізде 9-11 сынып білім алушылары және Абай атындағы орта мектебінің түлектерімен танымал спортшылар арасында кездесу өткізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазақ күресінен Жамбыл облысының аға бапкері Мұхаметқалиев Руслан Махмұтұлы, Қазақ күресінен және дзюдо күресінен жаттықтырушы, Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, спорт шебері Хабибуллаев Дамир Габидуллаұлы. Қ.Р. үш дүркін жеңімпазы, Қазақ, белбеу күрестерінен Қ.Р. спорт шебері, Қ. Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирдің 2 дүркін жеңімпазы- Махмұт Ринат, Түрксіб ауылының спорт мектебінің әдіскерлері Каримов Айдын Қадырханұлы, Балабекова Алтынай Жұмажанқызы мен мектеп директоры -К. Сисенгалиев қатысты. Шараның мақсаты, балаларға денсаулықтың қадірін ұғындыру, спортпен жиі айналысуға баулу, спортшылардың спорттық тәжірибесімен, спорттағы құпия-сырларымен бөлісу, жеңістерін үлгі ретінде көрсету. Өткізілген шара жоғары деңгейде өтті.