30
март
2020
Абай атындағы орта мектебі
Мектебімізде 9-10 сынып білім алушылары мен Бесағаш ауылынан шыққан танымал спортшылар арасында кездесу өткізілді. Кездесуге қазақ күресінен Әлем Чемпионы, "Самбо" күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Самбо, белбеу күрестерінен Қ.Р спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері - Пахриденов Дәулет, Қ.Р үш дүркін жеңімпазы, Қазақ, белбеу күрестерінен ҚР спорт шебері, Қ.Мұңайтпасов атындағы халықаралық турнирдің 2 дүркін жеңімпазы - Махмұт Ринат, Қ.Р кубогының жеңімпазы ҚР 2 дүркін жеңімпазы -Әзімбай Бақтан, мектебіміздің 8 сынып білім алушысы, ҚР қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы чемпионы, халықаралық турнирлер жеңімпазы -Әлімби Әли 9 сынып білім алушысы, ҚР "Жас Барыс" турнирінің жеңімпазы - Нұғман Бейбарыс келді. Сонымен қатар, спортшылардың бапкерлері - Ғ.Хабибуллаев, Түрксіб спорт мектебі директорының орынбасарлары- Е.Асанқұлов, С.Сайлаубайұлы мен мектеп директоры- Қ.Сисенғалиев қатысты. Шараның мақсаты, балаларға денсаулықтың қадірін ұғындыру, спортпен жиі айналысуға баулу, спортшылардың спорттық тәжірибесімен, спорттағы құпия сырлармен бөлісу, жеңістерін үлгі ретінде көрсету. Кездесуде білім алушылар сұрақтар қойып, спортшылармен пікір алмасты. Іс-шараға барлығы 55 білім алушы қатысты.