13
ноябрь
2018
Республикалық фестиваль жүлдегерлері
Спорт – өмір көркі
«Спорт – денсаулық кепілі» дегендей, жас буынды салауатты өмір салтына баулып, шәкірттеріне сөзімен де, ісімен де үлгі бола білген ұстаздар аз емес. Оған дәлел қыркүйек айында Астана қаласында өткен «Ұлы дала рухы» атты ұлттық спорт түрлерінен республикалық фестиваль болып отыр. Аталған жарысқа ұлттық спорт түрлерінен: «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» және «Қазақ күресінен» аймақтық командалар қатысты. Жамбыл облысының намысын «Әулиеата» құрама командасы қорғады. «Асық ату» ұлттық спорт түрінен аймақтардан іріктелген командаға Жамбыл ауданы, Абай атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі - Галиакпарова Дана Хабибуллақызы мен 8-9 сынып оқушылары - Хабибулла Аружан мен Жаныбек Даяна мүше болды. Мектебіміздің мақтаныштары «Асық ату» ойынан І орынды, алтын медаль иегерлері атанып, ұйымдастырушылардың демеушілігімен берілген арнайы диплом мен 600 000 теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болды.
«Салауатты өмір – нұрлы болашақ» дегендей ұстаздарымыз бен оқушыларымыз алда талай асуларды бағындырып, биік белестерден көрінетініне сенеміз.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Ж.Шамеева