Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы
10
сентябрь
2018

Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы

Абай атындағы орта мектебінде 08.09.2018 жылы Республикалық ата-аналар конференциясы "ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана:өз балаңа үлгі бол" тақырыбында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету ретінде болып өтті.Конференцияны Абай атындағы орта мектебінің директоры-Сисенғалиев Қайыржан Самиғұллаұлы ашып беріп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатын тыңдауды ұсынды. Үндеу хатты оқып болған соң, конференция қатысушыларына үлкен шығармашылық табыстар тіледі.
Келесі сөз кезегін мектеп психологы-Нажмитденова Бахыткүл Тоқтасынқызы алды.Ол бүгінгі конференцияның бағдарламасымен таныстырып өтті.
1.Балалардың ақпараттық қауіпсіздігінқамтамсыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын-алу.
3. Мектеп ортасында деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету-әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
5. Балаға мектептеоқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу,Бедел,Белсенділік.
6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары-ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.
7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.
Конференция бағадарламасында жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жасалған бейнероликтер де қамтылды.
Одан әрі ата-аналарға 15 сұрақталған құралған сауалнама таратылды.
Конференция соңында ата-аналарға психологиялық көмек ретінде ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсыры бойынша дайындалған кітапшалар таратылып берілді. Конференция соңынан ата-аналардан пікірлер алынды.Ата-аналар тарапынан конференцияның өтілуі көңілге қонымды әрі жас ата-аналарға мектеп психолгы берген ақыл-кеңестердің көмегі тиді.

Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы
Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы
Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы
Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясыЖалпы Республикалық ата-аналар конференциясы
Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы
Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы
Жалпы Республикалық ата-аналар конференциясы

Похожие публикации:

27 сентябрь 2017 Мектептің тарихы
15 сентябрь 2017 1 қыркүйек