05 март 2020 0 1 2 3 4 5 Абай атындағы орта мектебі View this post on Instagram 29 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне мектебімізде "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" тақырыбында бірыңғай ашық сабағы өтті. Мақсаты: білім алушыларда Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тəуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру; білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді тəрбиелеу. Сабаққа Бесағаш ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшесі -Ж.Бөрібеков пен Б.Байұлы жəне мектеп директоры- Қ.Сисенғалиев қатысты. Қонақтарға сөз беріліп, оқушылардың дайындаған əдеби монтажына кезек берілді. Сонымен қатар, мектеп кітапханасында Тұңғыш Президенттің өмірбаянын, қызмет жолын, жасаған жұмыстарын суреттейтін арнайы бұрыштар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. A post shared by abai.mektep (@abai_mektep70) on Nov 30, 2019 at 11:30pm PST