30
сентябрь
2019
Абай атындағы орта мектебі
Абай атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының басталуына байланысты ұйымдастырылған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » атты салтанатты жиын оқушыларды сапқа тұрғызып, 1 сынып оқушыларын ортаға шақырудан басталды. Жиынға қатысушылар назарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына аудартып, сап түзетілді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Келесі кезекте келген қонақтарға және Абай атындағы орта мектебінің директоры-Қ.Сисенғалиевке сөз берілді.Мектеп директоры өз сөзін 2019-2020 оқу жылында мұғалімдер мен оқушылардың жеткен жетістіктеріне қысқаша тоқталып, жаңа оқу жылындағы өзгерістер туралы айтып өтті. Яғни 4,9,10 сыныптары жаңартылған білім мазмұнына көшетіні туралы, және мектебімізде үйірмелер көбейтілетіні туралы айтты.
Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы-Келесов Еркін Егембердіұлына құттықтау сөзі берілді. Өз сөзінде Абай атындағы орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдерін бүгінгі салтанатты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бесағаш ауылдық округінің әкімінің орынбасары-А.Абдумуталиев құттықтау сөзін алып, мектеп оқушыларын білім күнімен құттықтады.
Сонымен қатар, 1 сыныптың оқушыларының дайындаған тақпақтары мен әніне кезек берілді.
«Алғашқы қоңырауды» соғу мәртебесі-1 сыныптың оқушылары-Әзімбай Айсұлу мен Бақыт Ақжүрекке табысталды.