Ақпарат » Страница 6 » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
Абай атындағы орта мектебі
06
ноябрь
2019
Абай атындағы орта мектебі
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сұраншы батыр ауылында 02.09-04.09. 2019 ж. күндері аралығында Сұраншы батырды еске алуға арналған 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында "Қазақ күресінен"республикалық турнир өткізілді. Дүрбілі дода Абай атындағы орта мектебінің оқушылары мен түлектері жеңіс тұғырынан көрінді. Қырғызбек Нұрлан - І орын, Жармұханбет Аслан - ІІ орын, 10 сынып оқушысы Дүйсенбек Асылхан - ІІІ орын иеленді.
Абай атындағы орта мектебі
17
октябрь
2019
Абай атындағы орта мектебі
Абай атындағы орта мектебінің ұжымы мен 9-11 сынып оқушылары арасында 5 қырқүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ағымды жылдың 6 қыркүйек күні сағат 10.00-де аудан көлемінде бір мезгілде "Жаңа қазақ әліпбиі-рухани жаңғырудың бастауы" атты жаппай диктант жазу акциясы өтті. Акцияның мақсаты латын негізді қазақ әліпбиінің "Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері" жобасының практикалық тұрғыда меңгеру, өзін-өзі бағалау, бейімдеу.
Абай атындағы орта мектебі
15
октябрь
2019
Абай атындағы орта мектебі
2 қыркүйек күні Абай атындағы орта мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында "Бір бала - бір ағаш" акциясы өтті. Ағаш отырғызу акциясына "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері мен 1 сыныпқа келген оқушылар қатысты. Олар 30 түп алма ағаш көшеттерін мектеп ауласына отырғызды. Егілген ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымдары мүшелерінің көмегімен жүргізіліп отырады.
Абай атындағы орта мектебі
14
октябрь
2019
Абай атындағы орта мектебі
Абай атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тікелей бастамасымен "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары мен "Саналы ұрпақ" жобалық аясында "1-қыркүйек-Білім күні" мерекесіне орай Республика бойынша 2019 жылдың 2-қыркүйек күні "Адалдық сағаты" өткізілді. "Адалдық сағатына" мектептің "Адал ұрпақ" еріктілер клубы мүшелері мен жоғары сынып оқушыларынан 52 оқушы қатысты. "Адалдық сағатына" аудан әкімдігінің жұмыспен қамту әлеуметтік
Абай атындағы орта мектебі
30
сентябрь
2019
Абай атындағы орта мектебі
Абай атындағы орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының басталуына байланысты ұйымдастырылған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » атты салтанатты жиын оқушыларды сапқа тұрғызып, 1 сынып оқушыларын ортаға шақырудан басталды. Жиынға қатысушылар назарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына аудартып, сап түзетілді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Келесі кезекте келген қонақтарға және Абай атындағы орта мектебінің директоры-Қ.Сисенғалиевке сөз берілді.Мектеп директоры өз сөзін
25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын
14
июнь
2019
25 мамыр "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік жиын
«Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиын оқушыларды сапқа тұрғызып, 11 сынып түлектерін ортаға шақырудан басталды.Одан кейін халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары биылғы Жастар жылына қосқан үлесі деп танылып, медальдарын тағып салтанатты шеру жасалды. Алғашқы әскери дайындық жетекшісі жиналған қонақтар мен оқушылар назарларын Мемлекеттік Туға аудартып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Келесі кезекте келген қонақтар мен мектеп
9 мамыр Жеңіс күні!
13
июнь
2019
9 мамыр Жеңіс күні!
9 мамыр-барлық ұрпақтар үшін ерекше әрі жақын мереке, халқымыздың ерлігі мен беріктігінің, Отанға деген шексіз махаббатының жарқын бейнесі. Мектебімізде айтулы мерекеге байланысты, «боздақтарымызға» арналған ескерткішке оқушыларымыз сап түзеп,салтанатты шеру жасап барды. 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі ұрпақтарының жадында мәңгі сақталады, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін оларға әрдайым алғыс айтып өтеміз.