09
апрель
2019
"Сабақты зерттеуді іс-әрекеттегі зерттеу мәнмәтінінде жүргізудің ерекшеліктері" тақырыбында өткен аудандық семинар
29.03.2019 жылы Абай атындағы орта мектебінде «Сабақты зерттеуді іс-әрекеттегі мәнмәтінінде жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында мұғалімдер арасында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: мектепте сабақты зерттеуді (Lesson Study) ұйымдастырып өткізу тәжірибесімен алмасу. Семинарға серіктес 9 мектептен 17 мұғалім қатысты. Алғы сөзді мектеп директоры Қ.Сисенғалиев алып, семинарға келген қатысушыларға өздеріне керекті тың ақпаратты алатынына сенім білдіріп, мектеп мұғалімдерінің жұмыстарына сәттілік тіледі. Мектебіміздің деңгейлік курстарды бітірген 6 мұғалімі семинарда коучинг, панорамалық сабақ, тренинг пен шебер –сынып көрсетіп, баяндама оқыды. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары -Л.Маймышова «Мектеп тәжірибесіндегі «Lesson Study» өткізу ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасында, мектеп іс-тәжірибесінде өткізіліп жатқан (Lesson Study) тобы жұмыстары мен тәжірибесін нақты ресурстар арқылы көрсете отырып, жұмысты рәсімдеу барысына да тоқталды Семинарға келген қонақтар атынан Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-С.Майкенова сөз алып, Абай атындағы орта мектебінің ұжымына алғысын білдіріп, көптеген қажетті ақпаратты алғандығы туралы айтып өтті.