13
февраль
2019
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша өткізілген аудандық семинар
Абай атындағы орта мектебінде 28 қаңтар күні АӘД пәндері бойынша аудандық семинар болып өтті. Семинарды мектеп директоры-Қ.Сисенғалиев ашып берді.Ол өз сөзінде келген мұғалімдерге шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Семинарға аудан мектептерінен 21 мұғалім келіп, дайындалған жоспар бойынша сабақтарға қатысты. Іс-тәжірибелерімен алмасты. Мектептің АӘД пәнінен сабақ беретін мұғалімі-С.Оспанов "Бақылаушы сарбаз,бақылау жасауға арналған орынды таңдау және жабдықтауға қойылатын талаптар" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мерзімі: 28.01.2019ж.
Сыныбы: 10 «А»
Сабақтың тақырыбы: Бақылаушы сарбаз,бақылау жасауға арналған орынды таңдау және жабдықтауға қойылатын талаптар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бақылаушы жауынгердің міндеттерімен таныстыру.
Уақыты: 40 минут.
Өткізілетін орны:
Көрнекілік құралдар. АӘД оқулығы, слайд, тұмылдырық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
«Миға шабуыл» әдісі
1. Қорғаныстағы сарбаздың негізгі міндеттері қандай?
2. Қорғаныстағы сарбаз нені білуі керек?
3. Ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі сарбаздың іс - әрекеті туралы айтыңдар.
4. Қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?
5. Түнгі атыстағы дайындық?
6. Тізерлей және тұрып оқпаны қазу?
7. Оқпаны қазу және оны жабдықтау?
б) Негізгі бөлім – 20 минут.
Бақылаушы сарбаз
Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Бөлімше командирі бақылаушыға келесі міндеттерді жүктейді: бақылау орнын бүркемелеу және жабдықтау; бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттеу; бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу және жергілікті жердің сызбасын құрастыру; қарсыласты байқаған сәтте оның жергілікті жердегі орнын анықтап бөлімше командиріне баяндау және оны бақылау журналына жазу.
Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттейді, бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті жердәң сызбасын құрастырады. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды да, бөлімше командиріне баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты түрде түсіреді де, бақылау журналына түсіреді.
Бақылаушы бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ), жергілікті жердің картасы немесе сызбасы, бақылау журналы, құлабыз (компас) және сағат болуы керек. Бақылау үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналасуы керек.
Бақылау үшін белгіленетін орын - бақылау аймағын жақсы шолу мен сенімді бүркеніш болатындай; авиация, артиллерия атысынан және ядролық қарудың зақымдағыш факторларынан қорғанатындай болуы қажет. Егер жергілікті жердің жекелеген заттары бақылау үшін ыңғайлы болса, онда оның жанына көлеңке тұстан орналасу керек. Бақылаушының негізгі тасаланатын орны – оқпана. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2-3 аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді.
Бақылаушы, ең алдымен өзіне берілген сектордағы жерді асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, мөлшерін, формасын, өлшемін және өзара орналасуын еске сақтауға міндетті. Бұл дер кезінде қарсыластың пайда болуын байқауға немесе оның қимылы мен орналасуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін бақылаушы жақын аймақтан бастап, оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді және жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып, көзбен тағы бір шолып өзін-өзі тексереді. Осы тәртіппен ол орта және алыс аймақты байқайды.
Егер бақылаушы қарсыластың болу белгілерін байқап қалса, бұл аймақты бақылау аспаптары көмегімен қарап, нысана сипатын анықтайды. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жер жағдайындағы орналасуын анықтайды. Бұл үшін ол байқалған нысананың арақашықтығын белгілі жақын бағдарға дейінгі (оң, сол, жақын, алыс), қашықтығын өлшейді. Содан кейін ол бақылауды тоқтатпай, байқалған объект туралы командирге баяндайды.
Бақылаушының баяндауы қысқа әрі нақты болуға тиіс. Бақылаушы қатты айғайламай, командир еститіндей дауыспен бағдар немесе жергілікті жерге қатысты алғанда нысананың жағдайын, оның қимыл - әрекетін баяндайды. Бұл кезде ол бағдардан оңға немесе солға қарай нысананың орналасуын метрдің мыңдық үлесі бойынша, ал сосын нысананың бағдарға жақын немесе алыс орналасуын метрмен көрсетеді. Мысалы: Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк», немесе «Дөңгелек» биіктегі, солға – 20, 200-ге жақын, бұта арасында – «бақылаушы», немесе «Фигуралы» тоғайынан батысқа бронетранспортер жылжып келеді және т. б.
Бақылау журналындағы жазу формасы
Бағдарлау уақыты Қайда, не байқалды Кімге, қашан баяндалды.
6сағ 10мин «Дөңгелек» биіктігі, солға – 20, 200-ге жақын,
бұта арасында – «бақылаушы» 6сағ 10мин
Бөлімше командиріне
7сағ 20мин Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк» 7сағ 20мин.
Бөлімше командиріне
Егер бақылаушы радиоактивті немесе химиялық зақымдануды байқап қалса, ол дереу қорғаныш құралдарын киеді де, командирге баяндайды және бақылауды жалғастырады.
в) Қорытынды бөлім – 10минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Конверт әдісі
- бақылаушының міндеттері қандай?
- бақылаушы қайда орналасады?
- бақылау үшін белгіленетін орын қандай талаптарға сай болуы керек?
- бақылаушы жергілікті жерді қалай зерделейді?
- бақылаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды?
- Бақылаушының баяндауы қандай болу керек?
Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: Оспанов С.У