Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда » Сш ми Абая
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда
07
January
2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

 Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып ұл балаларына арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға мектебіміздің ер мұғалімдері, ардагер ұстаздар және спорт кешенінің бапкерлері қатысып, жасөспірімдермен ашық пікір алмасу жүргізді.

Кездесу барысында:
🔹 Заң талаптарын сақтау
🔹 Тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы
🔹 Зиянды әдеттерден аулақ болу
🔹 Ер азаматқа тән мінез-құлық пен өнеге
🔹Ішімдік пен темекінің зияны

тақырыптары кеңінен қозғалды.

Ардагер ұстаздар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бапкерлер жігер, төзімділік және тәртіптің адам өміріндегі рөлі туралы әсерлі ойларын жеткізді. Ер мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, ер азамат ретінде қалыптасудың маңыздылығын атап өтті.

Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақты саналы, жауапты, елжанды азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
#Адалазамат_біртұтастәрбие_жамбыл