Республикалық “Алтын сақа” олимпиадасы өтті » Сш ми Абая
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Республикалық “Алтын сақа” олимпиадасы өтті
13
March
2026

Республикалық “Алтын сақа” олимпиадасы өтті

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

2026 жылдың 9–12 наурыз күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының” ұйымдастыруымен асық ату спорт түрінен мектеп білім алушылары арасында республикалық “Алтын сақа” олимпиадасы өтті.

Аталған додада Zhambyl regionның командасы І орын иеленіп, жарыс жеңімпаздары атанды.

Осы жарыста мектебіміздің 11-сынып оқушысы Ғабидулла Оразбек жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иеленді.

🏅 Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

Жаттықтырушы:Садыков Алмас. Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻