17
October
2024
“ӨНЕГЕЛІ ӨМІР” тақырыбында кездесу
“ӨНЕГЕЛІ ӨМІР” тақырыбында кездесу өткізілді.
🔷Мектебімізде “Ғибрат” әжелер мектебінің жоспарына сай, “Өнегелі өмір” тақырыбында мектебіміздің ардагер ұстазы, Жамбыл ауданының құрметті ардагері—Мырзахметова Гүлжаһан Мырзатайқызымен кездесу өткізілді.
🔷Мақсаты,Адам өміріндегі, отбасындағы,қоғамдағы еңбектің құндылығын түсіну; Еңбекті, өзінің және басқалардың еңбек нәтижелерін бағалау.
🔷Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолы көпке үлгі - өнеге. Осы өнегені жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында өткен іс-шарада оқушылар дайындаған өнерлерін көрсетті. Гүлжаһан апайымыз оқушыларға ақыл-кеңесін айтып, бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отырғанын айтып,сүйікті ісі—құрақ құрау,тігін тігу ісінде жасаған бұйымдарымен таныстырды. Өмір жолынан сыр шертіп, балаларға батасын берді. Іс-шараға 7 сыныптары қатысты.
#біртұтас_тәрбие_жамбыл