02
март
2023
"Боз кілемнің батырлары" атты кездесу ұйымдастырылды.
"Боз кілемнің батырлары" атты кездесу ұйымдастырылды.
Алтын ұя мектебімізде, "Жомарт түлек" жобасы аясында, мектебімізден түлеп ұшқан түлектерімізбен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге Бесағаш ауылының біртуар азаматтары, қазақ күресі мен самбо күресінен әлем чемпиондары, каратэ до спорт түрінен әлем чемпиондары қатысты. Мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, білім алушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар, спортшылар спорттағы алғашқы жеңістері, алғашқы марапаттары туралы естеліктерімен бөлісті.