09
март
2020
Абай атындағы орта мектебі
Абай атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіздік, биік болсын тұғырың!" атты мерекелік концерт өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру; оларды отан сүйгіштікке баулу; Егемен елімізді гүлдендіруге құштар патриотты күш-қуаты мол жастарды тәрбиелеу: желтоқсанда құрбан болғандардың рухына, ерлігіне тағзым ету. Салтанатты іс-шарада мектеп оқушылары өз өнерлерін паш етті.