1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні » Сш ми Абая
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні
18
декабрь
2018

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні

Атаулы күн 2011 жылдан бері мерекеге айналды. Сол жылы Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойып, 1 желтоқсан жаңа мемлекеттік мереке -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгіледі.
Бұл күн жайдан-жай таңдалған жоқ. 1991 жылы 1 желтоқсанда тәуелсіз Қазақстан елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен , яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен болатын.
Абай атындағы орта мектебінде де 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін өткізу туралы іс-шаралар жоспары әзірленіп,бекітілді. Жоспар бойынша 26 қараша күні мерекенің идеологиялық мазмұнына қарай, іс-шаралар өтетін орындар безендірілді. 26-30 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмірбаянын, қызмет жолын, жасаған жұмыстарын суреттейтін, Елбасының шығармаларын насихаттайтын арнайы бұрыштар, кітап көрмесі ұйымдастырылды. 25-30 қараша күндері «Менің тұңғыш президентім» тақырыбында 1-4сыныптарда; «Елбасы-ел тірегі» тақырыбында 5-7 сыныптарда; «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» тақырыбында 8-11 сыныптарында сынып сағаттары өткізілді. «Ұлт көшбасшысы-ел президенті» апталығы аясында «Егемен елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды. 8-9 сыныптар арасында көңілді тапқырлар алаңы (КТА) өткізіліп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні
1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні
1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні
1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні

Похожие публикации:

27 сентябрь 2017 Мектептің тарихы