Күзгі бал » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2018

Күзгі бал

26.10.2018жылы Абай атындағы орта мектебінде 8-10 сынып оқушыларының арасында"Арайлы алтын күз" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталған шараға 5 сынып қатысты. Сыныптар 5 бөлімнен тұратын бағдарламаға қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
«Арайлы алтын күз» 8-10 оқушыларының арасындағы күз мезгіліне байланысты күзгі бал мерекесінің сценарийі.

Мақсаты:

Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және
күз ханзадасын анықтау.

Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Жоспары:
Бүгінгі күзгі балымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейік.
1. «Кел,танысайық!» Таныстыру критерийлері:
 Сахна мәдениеті; (1-3 бал)
 Таныстыруды мәнерлеп жатқа айтуы немесе ән, музыкамен сүйемелдеуі; (1-3 бал)
 Киім кию ерекшелігі; (1-3)
 Ханзада мен ханшайымның тұрған орнының ерекшелігі (шар, қабырға газеті т.б. безендірулер) (1-3)
2. «Сиамдық егіздер» (қағаздан белгілі бір өрнекті қию) Критерийлері:
 Бірін-бірін демеу; (1-3б)
 Оюды дұрыс қию; 1-3 б.)
3. «Өнерің өрге жүзсін!» (ханзада мен ханшайымның өнері) Критерийлері:
 Екі қатысушының да өнер көрсету; (1-3б.)
 Өнерінің ерекшелілігі ( мысалы, оригиналдық жанр,драма өнері жанры,хореография) (1-3б.)
4. «Викторина» Сұрақ-жауап критерийлері:
 Берілген уақыт ішінде жауап беру; (1-3)
 Сұраққа дұрыс жауап беру; (1-3 б)
5. «Күзгі сән үлгісі-2018» Критерийлері:
 Әр-түрлі материалдардан жасалуы; (1-3 б.)
 Жасалған киімдердің ерекшелігі; (1-3 б.)
 Сән үлгісіне қатысқандар саны; (1-3 б.)




Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

Бүгін 8-10 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған
«Арайлы алтын күз»атты күзгі балға қош келдіңіздер.
- Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

№1 жұбымызды ортаға шақырайық.
Ай секілді өзі де,
Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.
_________ деген арудың,
Әдемі ғой көзі де.


Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген __________.

№2 жұбымызды ортаға шақырайық.
Үлкендерді сыйлайды,
Сабағынан қалмайды.
________ қыз сіздерге,
Ән мен жырын арнайды.


Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей ____________

№3 жұбымызды ортаға шақырайық.
Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
__________ кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.


Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын
Ғарышкер болу арманы.
__________ шақырсақ болғаны

№4 жұбымызды ортаға шақырайық.
Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы ___________
Әдемі есім теңгерген.


Қуантады білімімен бізді _______
Қарсы алайық,қол соғып __________біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз

№5 жұбымызды ортаға шақырайық.
Қуантады біліммен,бізді ол қыз,
Қол соғып қарсы алайық _____________біз.
Талабыңа білімің серік болсын.
Бүгінгі тілегіміз қабыл болсын.


Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің ___________
Көрінген күштің басынын

№6 жұбымызды ортаға шақырайық.
Келесі ару ____________
Барлық пәнді меңгерген.
Анасы мен әкесінің
Ибалы қызы ол бүгін.

Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан ____________


- Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап қатысушыларымыздың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
1.Мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы-Қоңырбаева Сарсенкүл апай
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-Жұмаділова Меруерт апай
3. Биология пәнінің мұғалімі-Кочералиева Жұлдыз апай

1-бөлім Жүргізуші:Сонымен құрметті қонақтар «Арайлы алтын күз» атты күзгі балына сайыскерлеріміздің өзін - өздері таныстыруларын тамашалайық.
Әділ-қазылар 1 сайыс «Таныстыру»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.

2-бөлім Жүргізуші: «Сиамдық егіздер» (қағаздан белгілі бір өрнекті қию)
Әділ-қазылар 1 сайыс бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.

3-бөлім :Өнер жастан жаныңдар
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін – деп «Өнерің өрге жүзсін» бөлімі бойынша өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз

Әділ-қазылар 3 сайыс «Өнерлі өрге жүзер»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.

4-бөлімінде «Викторина» Сұрақ-жауап: (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-
жауап) «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы
ағаштағы жапырақшалардағы сұрақтарға жауап бересіздер.
Әділ-қазылар 4 сайыс «Күз сыйы»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.

5-бөлім.Жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр жұп әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз.
Әділ-қазылар 6 сайыс «Күзгі сән»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.

Жүргізуші:Осымен «Арайлы алтын күз»атты күзгі балымыз өз мәресіне жетті.Назар қойып тамашалағандарыңызға рақмет.Әділ қазыларымыз әділ
шешімдерін айтып өтсе болады.

Қорытынды бөлім. М а р а п а т т ау
Күзгі бал

Күзгі бал
Күзгі бал
Күзгі бал
Күзгі бал
Күзгі бал
Күзгі бал
Күзгі бал
Күзгі бал
Күзгі бал