01
март
2022
1 наурыз - "Алғыс айту күні"
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де Қонақжай қазақ халқына алғыстарын білдірді. 1 - наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді. Мектебіміздің білім алушылары да барша қазақстандықтарды Алғыс айту мерекесімен құттықтады.