14
апрель
2020
Абай атындағы орта мектебі
1-наурыз - Алғыс айту күніне орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде туған жерге, елге, ата-аналарына деген алғыстарын білдіріп, тәрбие сағаттары өткізілді. Соның ішінде оқушыларымыздың ұйымдастыруымен мұғалімдерімізге деген ерекше алғыстарын білдіру мақсатында "Алғысымыз шексіз" атты мерекелік шара өтті. Іс-шара жүргізушілері 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 Наурызды- "Алғыс айту күні" деп жарияланғандығын, 173 Жарлыққа қол қойғанын, Алғыс айту күні-бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екенін атап өтті.