21
сентябрь
2021
"Парасатты отбасы" байқауы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, "Жамбыл адалдық алаңы" жобалық офисі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында "Парасатты отбасы" онлайн байқауын өткізеді. Осыған орай мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Тұрар Нұрай "Шеберлер отбасы" номинациясы бойынша бейнеролигін ұсынды.