2020-2021 оқу жылындағы тәрбие бағытындағы жетістіктер » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 оқу жылындағы тәрбие бағытындағы жетістіктер
04
июнь
2021

2020-2021 оқу жылындағы тәрбие бағытындағы жетістіктер

     Бүгінгі білім берудің мақсаты – дүниетанымы кең, интеллектісі  дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру.Ал тұлғаны  қалыптастыру – өзін-өзі ұйымдастыру, отбасы және қоғамдық  тәрбиелеу мен ағартудың ұзақ, табанды және мақсатты процесінің  нәтижесі. Тәрбиенің басты міндеті – оқушыларда азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық өзіндік  санасын, руханилығы мен мәдениетін, ынталылығын, дербестігін, төлеранттылығын, қоғамда табысты әлеуметтену  қабілеттілігін  қалыптастыру. 

   Аталған мақсатты негізге алып, «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде мектептің  педагогикалық ұжымы  көптеген  жетістіктерге жетіп, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобаларда оқушылардың тәрбиесін дамытуда  жан-жақты жұмыстар   атқарылды. Атап  айтар болсақ, 7«А» сынып оқушысы Тұрар Нұрай  аудандық «Парасатты  отбасы» байқауына  қатысып, «Шебер  отбасы» номинациясымен  марапатталса, 7«В» сынып  оқушысы  Саттарқұл  Қымбат  облыстық «DARYNECOART» экологиялық  конкурсқа  қатысып, ІІ орынды  иеленді. Аудандық «Үздік  сынып» байқауында 1 «А» сыныбы «Шеберлер  сыныбы» номинациясымен  марапатталып, облысқа  жолдама  алса,мектебіміздің тәлімгері Рахманбекова   Асель  аудандық «Үздік тәлімгер-2021» байқауына  қатысып, ІІІ орынды  иеленді. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық  мерей тойына  орай  ұйымдастырылған  аудандық «Жыралыбы-Жамбылым» атты  жас  ақындар  айтысы байқауында 11 «Б» сынып оқушысы  Турдалиева  Эльнура  ІІ орынды  иеленді. 10 «А» сынып  оқушысы  Жаныбек Даяна   аудандық «Инабатты ару -2021»байқауына  қатысып, «Көктем  аруы» номинациясымен  марапатталды. Аудандық «Жігіт  сұлтаны-2021»байқауына 9 «А» сынып  оқушысы Әлімби  Әли  қатысып, «Көрермен  көзайымы» номинациясын  иеленді. 

Сапалы  білім, саналы  тәрбие  беріп, оқушыларды  көшбасшылыққа  жан-жақты  бағыттай  отырып, тәрбие бергені үшін 2 «Б» сынып  жетекшісі  Қалдыбекова Жанна «Үздік  сынып  жетекшісі» атағына ие  болып, дипломмен  марапатталды.