01
сентябрь
2020
Абай атындағы орта мектебі
1Қыркүйек білім күні! "Абай атындағы орта мектебі" КММ-де мектеп оқушыларының, мұғалімдері мен ата-аналарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі білім күні 2020-2021 оқу жылында қашықтан онлайн сынып сағаты түрінде өткізілді. Ал, мектебіміздің 1 сынып оқушылары дәстүрлі түрде "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбы аясында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері оқушылар мен олардың ата-аналарына білім күнінің форматы және санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады.