02
апрель
2020
Абай атындағы орта мектебі
Мектебімізде 14 ақпан күні "Ағалар ісі-келешек ұрпаққа үлгі!" тақырыбында Ауған соғысына қатысқан ардагерлерімізбен кездесу кеші өткізілді. Кешімізге Ауған соғысының ардагері - Мырзахметов Бейбіт ағайымыз, мектебіміздің директоры Сисенғалиев Қайыржан Самиғұллаұлы, Гродеково шекара заставасы бастығының тәрбие, әлеуметтәк құқықтық жұмыстары бойынша орынбасары аға лейтенант Молдабек Жеңіс Ділдаханұлы, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі - Оспанов Сәрсенбек Өмірзақұлы қатысты. Шараның мақсаты, Жас ұрпақты Отанын құрметтеуге, еркіндікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға үйрету, бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға, үлгі ете білуге тәрбиелеу. Кездесуде оқушыларымыз қонақтарға сұрақтар қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шараға барлығы 30 оқушы қатысты.