25
июнь
2020
Абай атындағы орта мектебі
Алтын ұя мектебімізде 14 ақпан күні Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай-әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны" атты тақырыпта аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 25 ұстаз, мектептің ардагер ұстазы, қамқоршылық кеңестің төрағасы -Ж.Бөрібеков, мектеп директоры- Қ.Сисенғалиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері -А.Бақытжанова мен мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы -М.Омарова қатысты. Семинар мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ақын мұрасының ғасырлар бойы маңызын жоймайтынын таныту, рухани асыл мұра екенін насихаттау.