02
февраль
2020
Абай атындағы орта мектебі
Мектебімізде 16 қазан -"Нан күні", қазанның үшінші жексенбісі "Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлер күніне" орай, 1-4 сыныптарына "Ас атасы - нан" атты өнегелі сабақтары, 5-8 сыныптарына "Ас атасы -нанның қадірін білеміз бе? тақырыбында пікірлесу сабақтары мен 9-11 сынып оқушылары арасында Бесағаш ауылының ардагер агрономы - Байулиев Берік Байұлымен кездесу сабағы ұйымдастырылды. Кездесуде "Еңбек даңқы" I дәрежелі медалінің иегері -Берік ағай оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің еңбек жолы мен түрлі тәжірибелері жайында әңгімелесті. Өткізілген өнеге сабақтар мен кездесуден білім алушылар нанның дастарханға оңай жолмен келмейтіндігі, оның қадірі мен қасиеттілігі туралы мол өнеге алды.














