Алғашқы қоңырау
Абай атындағы орта мектебінде 1 қыркүйек “Білім күніне” арналған “Кел, балалар,оқылық!” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиында 2021 - 2022 оқу жылындағы 1 - сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын 61 білім алушылар аттады. Салтанатты жиынға Zhambyl region Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы - М.Байгелди және Бесағаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - Мухамедкалиева Әмина Махмұтқызы қатысып, бүлдіршіндерге жылы тілек - лебіздерін білдірді.