06
April
2020
Абай атындағы орта мектебі
"Heritage of Abai", "English-speking countries" Шет тілдер (орыс тілі, ағылшын тілі) пән бірлестігінің айлығында көптеген іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде "Абай мұрасы", "Наследие Абая", "Heritage of Abai" тақырыбында үш тілде 8,9,10 сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, шет тілдер пән бірлестігі өз үлестерін қосып, қосып, ұлы ақынның өмірбаянынан оқушылар көрініс көрсетті. Абай атамыздың өлеңдерін 3 тілде айтып, оқушыларымыз ерекше қуантты. Сайыстың нәтижесінде 10 "Б"сыныбы бас жүлдені, 9 "Б" сыныбы I-орынды иеленді. English-speaking" атты сыныптан тыс іс-шараға 6,7 сынып оқушылары қатысты.Оқушылар ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің туын, тарихын, ескерткіштерін ағылшын тілінде қорғап шықты. Сайыстың нәтижесінде 7А сыныбы I-орынды , 6В сыныбы II-орынды 6Асыныбы III-орынды иеленді. Оқушылар түрлі сый-сыяпаттармен марапатталды.