Абай атындағы орта мектебі директорының баяндамасы
«Өзіме тілек: менің мектебімнің тиімділігін арттыру үшін маған не істеуім қажет?»
Сисенғалиев Қайржан Самиғұллаұлы
Жамбыл ауданы
Абай атындағы орта мектебі КММ,
мектеп директоры
«Ұстаздық–ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді»
Б.Момышұлы
Қазіргі кезде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін дүниежүзі бойынша болып жатқан қарқынды өзгерістерге байланысты қайта қарауда. Дамыған елу елдің қатарынан көрініп, оза дамыған отыз елдің санатында болуды мақсат етіп отырған мемлекетіміздің әлем көшінен қалып кетпеуі үшін, білім саласындағы жасалынып жатқан реформалары орынды деп есептеймін. Алайда мектептің тиімділігін арттыру үшін ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Teachers оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындау керек? Әрине, осы сұрақтар мені ерекше толғандырады, дегенмен болашағымызды бағамдап, қателікке, алдамшы ойға бой алдырMay, өз ғұмырымызды білім мен ғылым жолына, өнер мен игілікті іске бағыттасақ, аталған сұрақтардың жауаптарын қиындықсыз табатынымыз анық.
«Көргені жақсы көш бастайды,»-дейді дана халқымыз. Менің де мектеп басшысы болғаныма биыл бесінші жыл. Заманымыздың өзгеріске түсіп, жаңаша қажеттіліктер орын алып келе жатқандығын түсінемін. Informationтар ағыны мен технологиялардың жедел дамуы кезеңінде жедел қимылдар жасап, дер кезінде шешім қабылдай отырып, өзгеріске түспесең, заман ағымы шетке сырғытып шығарып тастауы мүмкін. Сондықтан «Мектебімді өзгертуге, жаңаша жұмыс талабын қалыптастыруға бет алған басшымын» деп өзімді есептеймін. Мен басшы болып келісімен, мектебімнің басты проблемаларын анықтаудан бастадым. Мектеп өміріндегі басты «үштаған» болып саналатын ата-ана, оқушы, мұғалім сынды буындардан сауалнамалар ала отырып, оқу-тәрбие үдерісіндегі проблемалы басымдықтарды анықтап алдым. Олар: ұстаздарымыздың үнемі іздене отырып, жұмыс жасауға деген құлықсыздығы,ескірген дәстүрлі сабақ беру аясынан шыға алмаулары , әр оқушының қажеттілігіне қарай білім беру қағидасын қажетсінбеулері, ата-аналардың мектеп өміріне араласқысы келмейтіндіктері,өз баласына деген жауапкершіліктерінің төмендігі,жасы келген кейбір ұстаздардың өзгерісті қажет етпеулері.Осы кемшіліктерді ескере отырып, ұжымыммен ақылдаса, мектебімнің ұзақ мерзімді даму жоспарын жасадым.
Мұнда басты мақсат етіп, жаңа білім беру мазмұны бойынша ұжымдағы көптеген ұстаздардың біліктіліктерін көтеруді ұйғардым. Қазіргі таңда ұжымның 96% -ы курстардан өтіп, білімдерін жетілдірген. Осы орайда ұстаздардың құзыреттіліктерін дамыту барысындағы жұмыстарды үдету, мұғалімдердің түрлі семинар, курстарға қатыстырып, біліктіліктерін арттыруды талап етіп келемін.
Кезек күтпес мәселенің бірі ретінде даму жоспарымның негізгі идеялары ретінде топтық жұмыстар негізінде интербелсенді әдістерді қолдана отырып,оқушылардың қызығушылықтарын арттыра,білім сапасын көтеру жолға қойылды.
Заман талабына сай ұстаздар мен оқушыларды көшбасшылыққа үйрету де ескерілді. Мектеп мәдениетін жаңаша қалыптастыру - бұл да бір іскерлікті дамыту жолы екені айғақ. Ұжымдағы қоғамдастық идеясын мектебімде нық орнату - табыс көзі.
«Табысты мектеп» мақсатында ұстаздар мен оқушыларды үнемі жан-жақты
дамытуды оқу үдерісінде, осы бағытта жаңа білім беру мазмұнына сай іске асыруды жоспарлап, үздіксіз еңбек атқарудамын.
Қазіргі таңда мектебімде « Lesson Study- іс-әрекетті зерттеу тобы» табысты еңбек етуде. Зерттеу жұмыстарының жоспарлары жасалынып, бастауыш және орта буын салалары бойынша айқындалған тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Онымен қоса, мектебімде үш тренер ұстаз, екі көшбасшы ұстаз, үйлестіруші ұстаз тынбай еңбектенуде. Бүкіл мектеп жаңаша жұмыс үдерісіне сай жұмыс жасауға төселген. Нәтижесі ойдағыдай болады деп есептеймін. Сондықтан «Табысты мектеп» санатына айналдыру – басты мақсатым.
Қорыта келе, «Мектебімнің тиімділігін арттыру үшін маған не істеу қажет?» деген сұрақ төңірегінде көп ой өрбітуге болады. Кез-келген жұмыстың негізгі қағидаты түпкі нәтиже деп білемін. Тәрбие мен білімді қатар алып жүру арқылы, уақыттың дәл қазіргі мезетіндегі сұранысын зерттеу, енгізу, тарату жұмыстарын бәсеңдетпеу- менің негізгі ұстанымым. Шәкірттерімнің ертеңгі күндері алған білімдерін өмірлерінде орынды пайдалана отырып, Отанына қызмет қылса, ол біз үшін үлкен жетістік. Онда атқарған еңбек, төгілген тер зая кетпегені.