16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні » Сш ми Абая
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні
25
December
2018

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні

Абай атындағы орта мектебінде16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді. Мектеп кіреберісіндегі стендке желтоқсан оқиғасына байланысты суреттер, тәуелсіздік күнін мерекелеуге арнайы жасалған банер ілінді. Сонымен қатар, технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында қолөнер бұйымдары көрмесі өтті. «Тәуелсіздік жүріп өткен жолдар» тақырыбында 1-11 сыныптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына оқушыларды қабылдау жиыны өткізілді. Мектеп директоры-Қ.Сисенғалиев 3 сынып оқушыларының «Жас Қыран» және 5 сынып оқушыларының «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларымен құттықтап, оқушыларға төсбелгі мен галстуктарын салтанатты түрде кеуделеріне тағып берді. Жиын соңы «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мектеп өнерпаздарының ұйымдастыруымен мерекелік концертпен жалғасты.
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні