Материалы за February 2020 года » Сш ми Абая
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Материалы за February 2020 года
Абай атындағы орта мектебі
18
февраль
2020
Абай атындағы орта мектебі
Алтын ұя мектебімізде 2019 жылдың 11- қараша күні "Өнерлі елдің өрендері" тақырыбы аясында мерекелік кешіміз ұйымдастырылып, өткізілді. Жалпы бұл шараның өтілу мақсаты - оқушылардың ән-би өнеріне деген қызығушылықтарын ояту болатын. Ойластырғанымыз ойдағыдай орындалды, өйткені оқушылар шараға бар ынта жігерімен қатысты. Барлық білетін әндерін айтып, ойларын ортаға салу арқылы өздерінің бойларындағы өнерлерін жеткізе білді.  
Абай атындағы орта мектебі
17
февраль
2020
Абай атындағы орта мектебі
Абай атындағы орта мектебімізде 2019 жылдың 8 қазан күні "Жан жылуы балаға" атты мерекелік кешіміз ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: Қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық, әдептілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту болып табылады. Оқушыларымыз ақ армандарымен бөлісіп, өздерінің өнерлерін көрсетті. Кешімізді тамашалаған көрермендеріміз шын жүректен алғыстарын білдірді.
Абай атындағы орта мектебі
12
февраль
2020
Абай атындағы орта мектебі
Атырау қаласында, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" ұйымдастыруымен, мектеп және колледж оқушылары арасындағы республикалық жарыс өтті. Аталған жарыста "Самбо күресінен 2004-2005ж.т. ұлдар арасында 55кг. салмақ дәрежесінде мектебіміздің 9-сынып оқушысы-Рахметулла Береке I орын иемденді. 
Абай атындағы орта мектебі
10
февраль
2020
Абай атындағы орта мектебі
2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақ күресінен" кіші жасөспірімдер және жастар арасында "Жас Барыс" республикалық турнирі болып өтті. Аталған турнирде Абай атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы -Нұғман Бейбарыс 70 кг. салмақ дәрежесінде I орынды иеленіп, "Жас Барыс" кубогын жеңіп алды! Спортшымызды мектеп оқушылары мен сыныптастары салтанатты түрде қарсы алды. Мектеп директоры - Қ.Сисенғалиев құттықтау сөзін айтып, оқушымызға алғысын білдірді. Биік белестерден көріне бер.
Абай атындағы орта мектебі
06
февраль
2020
Абай атындағы орта мектебі
Қазан айының 19 күні Тараз қаласында өткен "Musik festival Art Kazнakhstan" атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән би және өнер байқауы өтті. Байқауда мектебіміздің оқушы қыздарынан құралған "Кербез" би тобы "хореография" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ иемденіп, Республикада өтетін өнер фестиваліне жолдама ұтып алды.