Айқанат олимпиадасы туралы өткізілген кеңес » Сш ми Абая
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Айқанат олимпиадасы туралы өткізілген кеңес
23
сентябрь
2021

Айқанат олимпиадасы туралы өткізілген кеңес

Мектебіміздің Ұланбасы Абилдаева Еңлік Меерханқызы Айқанат олимпиадасына қатысып, аудан, облыс, республика көлемінде қатысып, марапатталды. Өзінің олимпиада туралы одан өтудің жолдары туралы төмен сынып оқушыларына мәлімдеме жүргізді. Осыған орай, мектебіміздің оқушыларына Айқанат олимпиадасы дегеніміз не? Айқанаттың ауыл балаларына беретін көмегі қандай? деген сауалдарына жауап берді. Айқанат - олимпиадасы ауыл мектептерінде оқитын балаларға арналған республикалық бағдарлама. Кей кездері өзімізді күнделікті қоршап жатқан ортадан жалығып, өзіңмен бірге асқақ армандарға қол жеткізетін, өзіңе демеу болатын жаңа ортаны іздестіреміз. Менің айқанатта танысқан достарымның барлығы білімге жаны құштар, көмекке әркез дайын, ең бастысы барлығы асқақ арманға қол созып жүрген өзім сияқты дерлік ауыл мектебінде білім алатын оқушылар. Өзіңді дамыту. Жоғарғы оқу орны. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуға мүмкіндік ала алады. IQHSB - Айқанаттың Бурабай қаласында орналасқан жеке мектебіне жолдама алу арқылы 10-11 сыныпта сол жерде тегін білім алуға болады. Айқанаттың негізгі мақсаты: ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларға өзі қалаған жарқын болашаққа қол жеткізуге көмек беру. Қазіргі таңда мен айқанатпен бірге арманыма қарай бет алдым. Қымбатты жас дос біз сіздерді Айқанат атты үлкен отбасының бір бөлігі болуға шақырамыз.