22
январь
2026
Абай мектебінде мектептепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Абай мектебінде мектептепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп медбикесі-Ж.Абдикеримова екпе тақырыбын көтерді. Ол екпенің не үшін қажет екенін, оны уақытында салдырудың маңызын және соңғы кезде жиілеп кеткен қызылша (корь) ауруы туралы түсіндіріп өтті.
Қызылша – өте жұқпалы ауру, әсіресе балалар үшін қауіпті. Медбике екпе баланың иммунитетін күшейтіп, ауыр асқынулардың алдын алатынын атап өтті. Өзіміздің ғана емес, айналамыздағы балалардың да денсаулығы үшін жауапты екеніміз айтылды.
Балаларымыздың амандығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Сондықтан екпе мәселесіне бейжай қарамай, дер кезінде дәрігер кеңесіне жүгінейік.