20
август
2024
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті ата-аналар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 қаулыны басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5)білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына 2024-2025 оқу жылында 20.08-26.08.2024 аралығында бір мезгіл тегін ыстық тамаққа құжаттар қабылданады.
Аталған санаттар бойынша төмендегідей құжаттар жинақталады.
1) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін:
* Атаулы әлеуметтік көмек алатындығы туралы анықтама (2 дана)
* Ата-анасының төлқұжаты көшірмесі
* Білім алушының туу туралы куәлігі көшірмесі
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыларға:
* Жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің кіріс көздерін анықтайтын анықтамалар(соңғы 3 айлық жалақы көрсеткіші, жәрдем ақылар, жұмыссыздықты анықтайтын анықтама)
* Ауылдық округ әкімшілігі тарапынан берілетін тұрмыстық жағдайын зерделеу АКТ (2 дана)
* Ата-анасының төлқұжат көшірмесі
* Білім алушының туу туралы куәлік көшірмесі
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға:
* Заңды өкіліне берілген қорғаншы, қамқоршылық тағайындалған қаулының көшірмесі(2 дана)
* Қамқоршы ата-ананың төлқұжат көшірмесі
* білім алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі.