8-11 сынып білім алушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстары өтті » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-11 сынып білім алушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстары өтті
18
сентябрь
2025

8-11 сынып білім алушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстары өтті

Мектебіміздің 8-11 сынып білім алушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстары өтті

Аудан әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызының төрағалығымен білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылықтарын көтеру мақсатында жұмысшы тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

✅ Махпал Сатыбалдықызы өз сөзінде бала құқықын қорғауды күшейту, оларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан сақтау, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – басты мақсатымыз екенін атап өтті.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты көтеру, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірім тәрбиесінде ата-аналардың жауапкершілігінің маңыздылығына тоқталды.

👩‍🏫 Білім бөлімі басшысы Зауре Садуақасқызы
“Заңды сақтау – болашаққа жол” тақырыбында сөз сөйлеп, оқушыларға:
қылмысқа бармау,
• тәртіп сақтау,
• салауатты өмір сүру туралы ақыл-кеңестер берді.
Жасөспірімдердің міндеттері мен жауапкершіліктерін де түсіндірді.

👨‍⚕️ Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Досмұқанұлы
жасөспірімдерге арналған маңызды тақырыптарда кеңес берді. Атап айтсақ, балалар травматизациясы және оның салдары, ерте жүктіліктің зияны, жасөспірімдердің көңіл-күйі мен психологиялық тұрақтылық бағытында түсіндірме жүргізді.@zhambyl_audany_bilim_bolimi