08
апрель
2020
Абай атындағы орта мектебі
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Жас Star" атты республикалық өнер болып өтті. Байқауға республикамыздың көптеген қалаларынан вокал, хореография, бөлімдері бойынша көптеген командалар қатысты. Соның ішінде жалғыз Бесағаш ауылдық округтен келген, Абай атындағы орта мектебінің "Інжу" би тобы "Кербез" биімен Бас Жүлдені иемденсе, кіші топтың биші қыздары "Хулиганки" биімен III-орынды жеңіп алды. Бас жүлдені иемденген бишілер алдағы уақытта Түркия мемлекетінде болатын байқауға жолдама ұтып алды. Жетекшісі -Ахметова Маржан. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!