05
февраль
2026
Аудандық мектеп оқушылары арасында өткен "Ұлттық мектеп лигасы" ойындары
Аудандық мектеп оқушылары арасында өткен "Ұлттық мектеп лигасы" ойындары аясында 9–11сыныптар арасындағы үстел теннисі жарысында 🏆 Абай атындағы орта мектебінің командасы жалпы командалық есепте І орынға ие болды! Оқушыларымыз тартысты додада шеберлік, жылдамдық және төзімділік танытып, мектеп намысын жоғары деңгейде қорғады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көріне беріңіздер! Жаттықтырушылары:А.Садықов,Е.Бейсенбиев.👏🏻