ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 🔰АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 🔰АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
11
декабрь
2025

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 🔰АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
🔰АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Абай атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі Жаңа жыл мерекесіне байланысты темендегіні ресми түрде хабарлайды.
Мектеп аумағында және білім беру үдерісіне қатысты кез келген іс-шара барысында ата-аналар тарапынан ақша жинауға, материалдық сыйлықтар ұсынуға, қандай да бір қаржылай немесе заттай қолдау көрсетуге қатаң түрде тыйым салынады.
Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы болып табылады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық, кодексінің 247-бабына сәйкес заңды жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігін ескертеміз.
Ұжымға деген құрметті жылы лебіз, шынайы құттықтау және ізгі тілектер арқылы білдіру жеткілікті екенін назарларыңызға саламыз.
Мектептің негізгі міндеті әрбір білім алушыға сапалы білім беріп, саналы тербие
қалыптастыру. Осы мақсатта мектеп пен ата-ана арасындағы ашықтық, адалдық, және заң талаптарын сақтау - басты қағида.
Егер заң талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін
жағдайлар орын алған жағдайда, мектеп
әкімшілігіне дер кезінде хабарлауларыңызды сұраймыз.

Құрметпен, Абай атындағы орта мектебінің директоры —Сисенгалиев Қайыржан Самиғұллаұлы!

Похожие публикации:

09 октябрь 2024 Кибербуллинг
13 ноябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!
24 сентябрь 2018 Ата-аналар назарына