мектеп әкімшілігі мен "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері жаңа оқу жылына арналған оқулықтардың жағдайын тексеріп шықты » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектеп әкімшілігі мен "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері жаңа оқу жылына арналған оқулықтардың жағдайын тексеріп шықты
12
сентябрь
2025

мектеп әкімшілігі мен "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері жаңа оқу жылына арналған оқулықтардың жағдайын тексеріп шықты

📚 2025 жылдың қыркүйек айында мектеп әкімшілігі мен "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері жаңа оқу жылына арналған оқулықтардың жағдайын тексеріп шықты.

🔍 Тексеру барысында оқулықтардың физикалық жағдайы (бетіндегі жыртылу, жазбалар, мұқабасының бүтіндігі) мен олардың толықтығы қаралды. Мақсат – оқушылардың сапалы әрі таза оқулықтармен қамтамасыз етілуін бақылау.

🧐Мектеп оқулығын жыл соңына дейін сапалы сақтау үшін оқушы мынадай ережелерді сақтауы қажет:

📚Оқулықты күту жолдары бойынша оқушыларға берілген кеңестер:
1. – оқулықтың беті кірлемеу, жыртылмау үшін қағаз немесе арнайы мөлдір қаппен қаптау.
2. Атын жазу – оқулық жоғалмас үшін ішкі бетіне немесе қаптамасына оқушының аты-жөнін жазып қою.
3. Тазалық сақтау – кітапты таза қолмен ұстау, беттерін шимайламау, сызбау.
4. Жыртпау, бүктемеу – парақтарын жыртпау, бұрыштарын бүктемеу.
5. Бетбелгі пайдалану – қажетті бетті табу үшін бетбелгі қолдану, парақ бұрышын бүктемеу.
6. Ылғалдан сақтау – кітапты суға, жаңбырға тигізбеу, ас-су қасына қоймау.
7. Сақтап алып жүру – сөмкеге дұрыс салып, ауыр заттармен бірге қоймау.
8. Уақытында жөндеу – жыртылған жері болса, дереу жабыстыру.