“Аяулым, арманымдай асылым ең...” тақырыбында сазды кеш » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Аяулым, арманымдай асылым ең...” тақырыбында сазды кеш
30
сентябрь
2024

“Аяулым, арманымдай асылым ең...” тақырыбында сазды кеш

🎶🎵🎶🎵 “Аяулым, арманымдай асылым ең...” тақырыбында сазды кеш ұйымдастырылды. 

Абай атындағы орта мектебінде Жамбыл облысының 85 жылдығын ұйымдастыру және атап өту бойынша іс-шаралар жоспарына сай, облыстан шыққан атақты адамдардың өмірін жас ұрпаққа үлгі ету, мағыналы өмір жолын насихаттау мақсатында іс-шара өткізілді. 
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылының тумасы, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор—Әшір Молдағайыновты еске алуға арналған сазды кеш ұйымдастырылды. Ол 1937 жылы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында дүниеге келген. 1955 жылы  Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1957 жылы Мәскеуде өткен студенттер мен жастардың республикалық және дүниежүзі фестивалінде бас жүлде иеленіп, сол жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына түседі.Бұл күнде  300 ден аса ән-романстардың, хорға арналған және симфониялық  шығармалардың авторы. 
Іс-шараға мектеп директоры— Қ. Сисенғалиев, Әшір ағамыздың ағайын інісі—Б. Жумадилов қатысып естеліктерімен бөлісті. Оқушылар сазгердің әніне би билеп, хормен ән шырқады.

#Біртұтас_тәрбие_жамбыл