27
декабрь
2021
"Жас Ұлан" ұйымы мүшелерімен "Туған өлкенің дамуы, өркендеуі" тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел
Мектебімізде "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерімен "Туған өлкенің дамуы, өркендеуі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету. Туған өлке туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Олармен бірге "Туған жер", "Ана тілі", "Мемлекеттік тіл", "Ел тарихы", "Елімнің отаншыл адамдары" тақырыптарына ой толғау. Дөңгелек үстел отырысында "Отан", "мемлекеттік тіл", "тарих" тақырыптары бойынша ой толғадық. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі өз қолымызда екені айтылып өтті. Дөңгелек үстел барысында: мақал-мәтел сайысы, жұмбақ шешу сайысы, балалардың туған өлке туралы өлеңдерін жатқа айтты. Дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтті.