Жамбыл ауданының білім бөлімі, «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 📊2023 жыл қорытындысы » Сш ми Абая
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбыл ауданының білім бөлімі, «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 📊2023 жыл қорытындысы
25
декабрь
2023

Жамбыл ауданының білім бөлімі, «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 📊2023 жыл қорытындысы

🔰Жамбыл ауданының білім бөлімі, «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
📊2023 жыл қорытындысы
🏢Мектебіміздің білім сапасы педагогтердің біліктілігіне тікелей байланысты. Жалпы педагогтер саны —69.
Педагог-зерттеуші: 13
Педагог-сарапшы: 23
Педагог-модератор: 15
2023 жылы 38 педагог білімін жетілдіру курстарынан өтті.
📝Мектепте 0-11 сыныптарда 574 оқушы оқиды. Үйден оқытылатын оқушылар саны: 6 оқушы. 3 оқушы психологиялық-педагогикалық түзету сағаттарымен қамтамасыз етілді.
🚌"Арал" саяжайынан 17 бала тасымалданып оқиды.
🍝Мектеп оқушылары санаттарына байланысты 166 бала, 1-4 сыныптың санатқа жатпайтын 155 оқушысы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
⚜️Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында демеушілер көмегімен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.
«Даналық мектебі» құрылып, бірінші жартыжылдық сабақтары өткізілді.
📚2023 жылдың қараша айында Республикалық ғылыми жобалар жарысының аудандық кезеңінен 3 оқушы 1 орынмен марапатталды:
Физика пәнінен: Құттыбай Ерсұлтан 11 сынып оқушысы,
Тіл білімі (қазақ тілі): Ғабдымажит Әнел 10 сынып оқушысы.
Тіл білімі (орыс тілі): Арыс Перизат 9 сынып облысқа жолдама алды. Жарыстың облыстық кезеңінде: Ғабдымажит Әнел жүлделі 2 орынды иеленді.
🤼‍♂️⛹️‍♂️♟️Сонымен қатар, мектеп оқушылары түрлі спорттық,шығармашылық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иемденді:
Аудандық: 58 орын
Облыстық: 39 орын
Республикалық: 139 орын
Халықаралық: 41 орын
🏢2023 жылдың сәуір айында мектеп жанынан құрылған "Күншуақ" шағын орталығына 15 шкаф пен екі қабатты 13 төсек берілді. Тамыз айында асханаға үстел мен орындықтар әкелінсе, қыркүйек айында мектеп асханасы 1 дана тоңазытқыш пен 1 дана мұздатқыш және бейнебақылау камерасымен толықты. Сонымен қатар, желтоқсан айында 1 сынып комлектісі берілді.
@zhambyl_audany_bilim_bolimi