21
сентябрь
2021
"Ұл тәрбиесі. Ұлдарға кеңес" атты дөңгелек үстел
Мектебімізде 20 қыркүйек күні "Ұл тәрбиесі. Ұлдарға кеңес" атты 8-11 сынып ұлдарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Ержігіттің қалай болу керектігі, ел-жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт-бағдар беру. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық -психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдеры яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.
Қорытынды: Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады.