Әдістемелік жұмыстар - Сш ми Абая http://zhambyl-abai.mektebi.kz/ ru Әдістемелік жұмыстар - Сш ми Абая DataLife Engine Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасына түсіндірме жұмыстарын жасады. http://zhambyl-abai.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/590-azastan-respublikasy-ou-aartu-ministr-bjryyny-zhobasyna-tsndrme-zhmystaryn-zhasady.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/590-azastan-respublikasy-ou-aartu-ministr-bjryyny-zhobasyna-tsndrme-zhmystaryn-zhasady.html



]]>
admin Mon, 11 Mar 2024 12:04:58 +0600
Сыныптан тыс сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел) http://zhambyl-abai.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/12-elbasy-n-nazarbaevty-bolashaa-badar-ruhani-zhayru-maalasy-ig-bastama.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/12-elbasy-n-nazarbaevty-bolashaa-badar-ruhani-zhayru-maalasy-ig-bastama.html







«Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» мақаласы - игі бастама»
Сыныптан тыс сабақ



Қатысушылар: 10 - сынып оқушылары





Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: З. Бегманова




















20 қыркүйек, 2017 жыл
Сыныптан тыс сабақ тақырыбы : «Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы - игі бастама»
Жүргізілу түрі: «Дөңгелек үстел»
Мақсаты: Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен танысып, талқылау барысында жастарды ұлттық мәдениеттілікке, парасаттылыққа , іскерлікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
 білім алу қажеттігін түсінетін, ел тағдырын қорғай білетін азаматты қалыптасуына бағыт беріп, патриотизмді нығайту;
 жастар бойында үздіксіз тәрбиені дамыту;
 жеке тұлға ретінде оқушыны жан-жақты тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушының білімді терең игеріп, ұлтжанды қоғам
мүшесі ретінде қалыптастыру. Рухани жаңғыру мақсатында көптеген жобалар қолға алынып жатыр, «Менің үлесім...» дегендей, қандай істің куәсі бола алдыңыз?- деген мақсатта ой тастау.

Барысы: қатысушыларға «Дөңгелек үстел» жоспары және жүргізу ерекшелігін түсіндіру.
Қатысушылар: 10 – сынып оқушылары.
Жүргізуші: Сапаш Аяулым.

Кіріспе сөз : Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы баспасөз бетінде 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланды. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бұл мақаласында еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын, осы жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған болатын.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, елімізде саяси реформа түбегейлі өзгерді. Одан кейінгі жылдары эко¬номи¬калық дағдарыстарды жеңе жүріп, қайта жаңғырудың кезеңдерін бастан кешірді. Ендігі мақсат – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жету үшін, саяси және экономикалық жаң¬ғыру¬ларға қоса, рухани жаңғырудың қажеттілігі туып отырғанын айтып, барша қазақстандықтарды осы бастамаға жұмылдырып отыр.
Елбасымыз замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажеттігін түсіндіріп, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтынын ескертеді.
Әсіресе, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа¬бі¬летімен айқындалатынын баса айтты.

1. Әзімхан Әлихан: мақала дағы прагматизм мәселесін сөз етсек , / грекше — прагма дегеніміз — іс-әрекет, тәжірибе/
төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болатынын дәлелдейді.
Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
Мақалада : «Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, аста төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды. Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы» - дейді

2. Шаймерден Аруна: « Ұлттық бірегейлікті сақтау» жөнінде айтар болсақ: «Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй¬лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана,» - пайымдаулардың біздер үшін маңызы зор екенін келтірді.

.
3. Бейсенбек Нұрдәулет: білімнің салтанат құруы туралы Елбасымыз:
«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң¬дайалды университеттерінде оқытып, дайын¬дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл¬дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар¬ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей¬дегі бірқатар университеттер ашылды, зият¬керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды,» -деп, білім алуға баса назар аударды.

4. Далабай Аружан: « Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» дегенді біз қалай түсінеміз, оны былай баяндайды: « -Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау¬ма¬ғын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын¬дағы оқиғаға 100 жыл толады.
Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі¬ніс¬терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт¬¬¬тар¬ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерт-ті...Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то¬лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.
Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демо¬графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр¬дымға кете жаздады.
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері эко¬ло¬гиялық апат аймақтарына айналды...
Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи¬қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр¬кен¬деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.» Шынында да, бұлар - бұлтартпас айғақтар.
5. Ержанқызы Ғазиза: Са¬наның ашықтығы туралы Елбасы зерденің үш ерекшелігін біл¬діреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы¬тай¬дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай¬даланудың нағыз үлгісі деп түсіндіреді.
6. Сапаш Аяулым: алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынды: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы¬ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.
Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ¬жат¬тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.
Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни¬калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.
Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко¬мис¬сар¬лары Кеңесінің Президиумы латындан¬дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал¬фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.
1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды...
Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.
Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар¬піне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп¬биімен басып шығара бастауға тиіспіз,» - дейді.
7. Шаймерден Аруна : қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алынды.Ол туралы: «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әр түрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң-даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз,» - деп жоспарлап отыр.

8. Ержанқызы Ғазиза: мақалада «Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді түрде шешуі керек.
Үшіншіден, Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер.
Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды,» - деп түйіндейді.

9. Валиева Ақжарқын: туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс-түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі дейді.
«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ¬дар¬ла¬масын жинақылықпен және жүйелі¬лікпен қолға алуға тиіс,» - ескертті.

10. Бейсенбек Нұрдәулет: мұнда БАҚ ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керектігі,«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру, әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая¬сат¬тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек екенін меңзейді.
11. Шаймерден Аруна : «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы іске асырылмақ. Бұл шарада: «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз-дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел¬сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері¬мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.
Сондықтан оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.
Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шы¬найы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқи¬ғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құрал¬дарының басты нысанасына айналуға тиіс.
Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.
1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за¬манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам¬дар¬ды қоғамға таныту.
2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету¬¬дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып¬тас¬тыру.
3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс,» - деп бағыт береді.

Жүргізуші: Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын былай қорытындылайды: «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.
Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал¬ғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы¬зын терең түсінеді деп сенемін.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих-тың шаңына көміліп қала береді.» Иә, барша қазақстандықтар, оның ішінде жастар Н. Ә.Назарбаев«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын игі бастама деп біледі.
Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жан- жақты талқылады. Тыңдарман қауым «Дөңгелек үстел» қатысушыларына жақсы бағасын беріп, рақметін білдірді.



]]>
Сыныптан  тыс  сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел)
Сыныптан  тыс  сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел)
Сыныптан  тыс  сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел)
Сыныптан  тыс  сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел)
Сыныптан  тыс  сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел)
Сыныптан  тыс  сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел)
Сыныптан  тыс  сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел)
Сыныптан  тыс  сабақ 10 сынып (дөңгелек үстел)]]>
admin Fri, 22 Sep 2017 01:40:40 +0600