Ақпарат - Сш ми Абая http://zhambyl-abai.mektebi.kz/ ru Ақпарат - Сш ми Абая DataLife Engine Абай атындағы орта мектебінің 2025-2026 оқу жылындағы қызметінің қорытынды есебі және алдағы кезеңге арналған даму бағыттары http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1156-abaj-atynday-orta-mektebn-2025-2026-ou-zhylynday-yzmetn-orytyndy-eseb-zhne-alday-kezege-arnalan-damu-bayttary.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1156-abaj-atynday-orta-mektebn-2025-2026-ou-zhylynday-yzmetn-orytyndy-eseb-zhne-alday-kezege-arnalan-damu-bayttary.html










]]>











]]>
admin Thu, 18 Jun 2026 10:26:09 +0600
Абай атындағы орта мектебі директорынын баяндамасы 2026 ж http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1153-abaj-atynday-orta-mekteb-direktorynyn-bajandamasy-2026-zh.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1153-abaj-atynday-orta-mekteb-direktorynyn-bajandamasy-2026-zh.html Абай атындағы орта мектебі директоры Қ.Сисенғалиевтің баяндамасы 


Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және қонақтар!


Бүгінгі жарқын да қуанышты мереке, мектеп бітіруші түлектерге арналған «Білімім - Отаныма!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!


      Бүгінгі күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн!


        2025-2026 оқу жылы білім саласындағы өзгерістермен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте тәрбие саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. 

        Жамбыл ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің «Тьютор Жамбыл» жобасының 2026 жылғы жоспарына сай 5 аймақтың жетекші мектебі ретінде Абай мектебі болып белгіленді. Осы жоба аясында мектепте «Ашық есік» күні өткізіліп, ұстаздарымыз өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

        Сондай ақ, 29 әріптесіміз халықаралық, республикалық аудандық және облыстық іс-тәжірибе тарату алаңдарында өздерінің іс-тәжірибелерін таратты.

        Биылғы оқу жылын 515 оқушымен бастап, жыл соңында 517 оқушымен аяқтап отырмыз. 1-11 сынып оқушылары арасынан 103 оқушы «ОҚУ ҮЗДІГІ» 209 оқушы екпінді оқушылар қатарында. 9   сыныптар бойынша - 2 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр.  

          Мектепте 70 мұғалім қызмет атқарды. Республикалық баспа беттерінде 39 ұстаздың мақалалары мен сабақ жоспарлары жарық көрді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Шүкіроғлы Жемал Мустапаевичтің жетекшілігімен 9 сынып оқушысы – Жұмабек Нұрәділ 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектебіміздің география пәнінің мұғалімі – Сисенгалиева Айжан – аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 1-дәрежелі      диплом, облыстық кезеңде 3 орынды иемденді. 

         Ағымдағы жыл мектебіміз үшін табысты жыл болды деп есептейміз. Атап айтсақ, мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әр түрлі кәсіби байқаулар, мен  шығармашылық байқауларға қатысып, түрлі спорттық жарыстардан түрлі дәрежедегі орындар мен дипломдар иеленді. 

Аудандық, облыстық «Мақатаев оқулары», «Абай оқулары», «Ақберен» және тағы басқа байқауларда 25 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 

Спорттық жарыстарды айтатын болсақ. 

      «Жас Барыс» халықаралық турнирде 11 сынып оқушысы Галиакпар Саламат 3 орын алды. Асхат Әмір волейболдан республикалық халықаралық жарыстар жеңімпазы атанды.

Республикалық оқушылардың жазғы гимназиадасында 4 оқушымыз жүлделі орынға ие болды: 

  • Габидулла Оразбек асық ату, 
  • Керімжан Дарина қазақ күресі,
  • Забихолла Ерсұлтан мен Нұрбай Бекнұр асық ату.

     Күні кеше Қызылорда қаласында өткен 14 облыс 3 қаладан 500 ден астам спортшы қатысқан Қазақ күресінен республикалық чемпионатта  9 сынып оқушысы Махмут Алинур 1 орын иеленді. 


          Биылғы оқу жылында мектебіміздің 22 түлегі Ұлттық Бірыңғай Тестілуеге барады. Оның ішінде 14 оқушы шығармашылық пәндер бойынша сынақ  тапсырады.


Түрлі спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық байқаулардан мектеп оқушылары төмендегі жетістіктерге жетіп отыр:

Байқау түрі

Халықара

лық 

Республика

лық 

Облыстық

Аудандық

1

Пән олимпиадалары

-

101

4

19

2

Пәндік байқаулар мен шығармашылық байқаулар 

-

5

8

15

3

Тоғызқұмалақ спортынан

-

2

16

13

4

Асық атудан 

-

5

12

23

5

Қазақ күресі мен дзюдодан

2

15

19

36


Қорытынды

2

126

59

106


 
      Баршаңызды бүгінгі  оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл – күй, жаңа жетістіктерге ұдайы ізденіс пен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! 

]]>








]]>
admin Tue, 26 May 2026 13:53:14 +0600
ХАБАРЛАНДЫРУ http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1155-habarlandyru.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1155-habarlandyru.html
]]>
Құрметті білім алушылардың ата-аналары және заңды өкілдері! 2026 жылғы 15 мамыр мен 22 мамыр аралығында білім алушылардың жекелеген санаттарына 2026–2027 оқу жылына қажетті мектеп формасы мен кеңсе құралдарын алуға арналған бір реттік қаржылай көмекке өтініштер қабылданады. Құжаттар дүйсенбі–жұма күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ: 1. Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі 2.Арнайы 20 таңбалы шот анықтамасы Маңызды: – Құжаттар толық болған жағдайда ғана қабылданады. – Көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған өтініштер қабылданбайды. Ескерту:📌📌📌📌📌 Жалған ақпарат немесе жалған құжат тапсырған азаматтарға қаржылай көмек тағайындалмайдыЖалған құжат үшін ата-ана заң алдында жауапты болады. ХҚКО-ға (ЦОН) барудың қажеті жоқ. Барлық қажетті анықтамаларды eGov арқылы алуға болады.


]]>
admin Fri, 22 May 2026 14:31:59 +0600
Жаңа конституция жобасындағы өзгерістер талқыланды. http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1043-zhaa-konstitucija-zhobasynday-zgerster-talylandy.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1043-zhaa-konstitucija-zhobasynday-zgerster-talylandy.html

]]>
Абай атындағы орта мектебінде мектеп ұжымы мен Жамбыл ауданының әкімінің орынбасары – Несіпбеков Нұрлан Күдербайұлы және Жамбыл аудандық маслихат төрағасы – Шайдаев Мұхтар Бекзатұлының қатысуымен Конституцияның жаңа жобасы талқыланды. Конституцияның жаңа жобасы – бұл жай ғана құжат емес, бұл халықтың ертеңгі күніне деген сенімі. Онда білім беру, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамыту елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған.
Жаңа өзгерістер қоғамдағы әділдік, жауапкершілік және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Әрбір өзгеріс – мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтудың бір жолы . Болашаққа бірге қадам басайық.]]>
admin Thu, 05 Feb 2026 08:03:23 +0600
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғалы туралы хабарландыру! http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1100-sybajlas-zhemorly-tuekelderne-shk-taldau-zhrgzud-bastalaly-turaly-habarlandyru.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/1100-sybajlas-zhemorly-tuekelderne-shk-taldau-zhrgzud-bastalaly-turaly-habarlandyru.html
]]>

]]>
admin Fri, 19 Dec 2025 19:18:11 +0600
Қамқоршылар күні құтты болсын! http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/949-amorshylar-kn-tty-bolsyn.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/949-amorshylar-kn-tty-bolsyn.html
Мектебімізде 29 қазан —Қамқоршылар күніне орай,
қамқорлығындағы балаларға мейірім мен қолдау көрсетіп жүрген қамқоршы ата-ана—Аширбекова Гульзада марапатталды.Оған алғыс хат пен сыйлық табысталды. 🎁💐

Қамқор жандардың еңбегі — мейірім мен жауапкершіліктің үлгісі!
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт және еңбектеріңізге береке тілейміз! ❤️

#ҚамқоршыларКүні #Алғыс #МектепӨмірі #МейірімМерекесі #АтаАнаТірегі ]]>


]]>
admin Tue, 28 Oct 2025 12:30:37 +0600
«Күншуақ» шағын орталығына бос вакансияға өткізілген конкурс­тың қорытындысы http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/947-knshua-shayn-ortalyyna-bos-vakansijaa-tkzlgen-konkursty-orytyndysy.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/947-knshua-shayn-ortalyyna-bos-vakansijaa-tkzlgen-konkursty-orytyndysy.html Жеңімпаз:
Абдуганиева Жансая Хамитовна
Білім деңгейі: жоғары
Конкурс бойынша алған баллы  8 балл
Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссия отырысының №75866 хаттамасы

]]>

]]>
admin Fri, 24 Oct 2025 12:19:41 +0600
ХАБАРЛАНДЫРУ http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/935-habarlandyru.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/935-habarlandyru.html
]]>
📌Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда №35900 болып тіркелген талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа құжат қабылдау 2025 жылдың 07 қазан 16 қазан аралығы.

📌Конкурс төмендегідей бос орынға жүргізіледі:
1) Абай атындағы орта мектебінің жанынан ашылған «Күншуақ» шағын орталығына тәрбиеші лауазымына — 1 бірлік жүктемеге

📌Конкурс өткізілетін орын:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімі» Абай атындағы орта мектебі » КММ

Мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы, Жеңіс көшесі №4

Анықтама үшін байланыс телефоны: 87713447543
Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 9:00-18:00.
Демалыс күні: сенбі,жексенбі.

📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы;
4)Педагогінің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты ;
10)Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.]]>
admin Tue, 07 Oct 2025 00:22:18 +0600
«Ұланбасы» сайлауы http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/919-lanbasy-sajlauy.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/919-lanbasy-sajlauy.html 🏫Мектебіміздің 2025-2026 оқу жылындағы «Ұланбасы» сайлауы басталды!
⚜️Үміткер ретінде тіркелу үшін қойылатын талаптар:
📌8,9,10 сынып оқушысы болуы;
📌Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуы;
📌 Үлгілі тәртіп және үздік үлгерімі;
📌Жеке дамуына және қоғамға пайда әкелуі;
📌Адамгершілік, мінез-құлық дағдыларының қалыптасуы;
📌Үміткер өзі туралы бағдарлама дайындау;
📝Өтініш қабылдау: 24.09.25 дейін]]>

]]>
admin Tue, 23 Sep 2025 16:38:48 +0600
БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/900-bos-zhmys-ornyna-konkurs.html http://zhambyl-abai.mektebi.kz/main/900-bos-zhmys-ornyna-konkurs.html
]]>
📌Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда №35900 болып тіркелген талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа құжат қабылдау 2025 жылдың 15 қыркүйегі мен 24 қыркүйек аралығында өтеді.

📌Конкурс төмендегідей уақытша бос орынға жүргізіледі:
1) Психолог мұғалімі — 0,5 бірлік (уақытша)

📌Конкурс өткізілетін орын:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімі» Абай атындағы орта мектебі » КММ

Мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы, Жеңіс көшесі №4

Анықтама үшін байланыс телефоны: 87713447543
Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 9:00-18:00.
Демалыс күні: сенбі,жексенбі.

📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы;
4)Педагогінің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты ;
10)Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.]]>
admin Tue, 16 Sep 2025 16:33:11 +0600